«Манчестер Юнайтед» былтыр да 250 қызметкерімен қош айтысқан
«Манчестер Юнайтед» клубының басшылығы 150–200 қызметкерді қысқартуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Былтыр клуб құрылымын өзгертіп, 250 қызметкерді жұмыстан босатқан болатын.
Клуб соңғы бес жылдағы қаржылық шығындардан кейін қайтадан пайдаға шығуды көздеп отыр.
Қызметкерлерді қысқартумен қатар, клуб маусым ортасында билет бағасын да көтерді. Енді ең арзан билеттердің құны $81 болды.
Қараша айында команданы бұрынғы бас бапкер Эрик тен Хагтың орнына Рубен Аморим басқарады. Алайда, Англия премьер-лигасының 26 турында «Манчестер Юнайтед» турнирлік кестеде тек 15-орында тұр.
Тен Хагтың екі жылдық кезеңінде клуб 15 жаңа ойыншыны сатып алуға €600 млн-нан астам қаражат жұмсады. Бұған дейін клуб тарихында ешбір жаттықтырушы қысқа мерзімде бұлай шығындалмаған еді.
Былтыр Forbes рейтингі бойынша «Манчестер Юнайтед» әлемдегі ең қымбат клубтардың тізімінде $6,55 млрд бағасымен екінші орынға ие болды. Бұл тізімде бірінші орында $6,6 млрд құнымен мадридтік «Реал» тұр.