«Мақтаарал» клубына швейцариялық инвестор ақша құймақшы

Редактор
30.12.2023, 23:30

Клубтың 2024 жылғы бюджеті небәрі 200 млн теңге

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын «Мақтаарал» футбол клубының қаржылық мәселесі шешілген секілді. Командаға Швейцария инвесторы ақша құяды деп мәлімдеді «Серый CARDINAL» Telegram-каналы.

Айта кетейік, бұған дейін «Мақтааралдың» жоғарғы лигада доп тебуі екіталай екені хабарланған. Өйткені, команданың жылдық бюджеті небәрі 200 миллион теңге. Ал, швейцариялық KAIBAK AG компаниясы жетісайлық клубқа 3 млн еуро (шамамен 1,7 млрд теңге) құюға дайын. Бұл өткен жылғы бюджеттен екі есеге көп. Өткен жылы «Мақтаарал» 800 миллион теңге жаратқан болатын.

Материалда: