Әзірге Қазақстан құрамасы турнирлік кестеде екінші орында тұр
Футзалдан ЕURO-2026 іріктеу матчтарында ойнайтын Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі жарияланды. Алғашқы матчты Кака шәкірттері Астанада Албания құрамасына қарсы өткізетіні белгілі.
Іріктеу кезеңінің соңғы екі ойынына қатысатын 16 футзалшының есімін құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Кака жариялады. Тізімде команданың негізгі екі ойыншысы – Лео Игита мен Дуглас Жуниор жоқ. Екеуі де жарақатына байланысты ойнай алмайды.
7 наурызда ұлттық құрама Албанияны қабылдайды. Матч Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы – 19:00.
Ал, 12-наурызда Қазақстан құрамасы Ереванда Арменияға қарсы ойнайды.
EURO-2026 турниріне іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы екі турдан кейін 7 ұпай жинап, кестеде 2-орында тұр.