Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ханс Флик Неймардың «Барселонаға» қайта оралуына қатысты пікір білдірді

04.03.2025, 11:18

Каталондық клубтың жазғы трансферге қанша ақша бөлетіні әліге дейін белгісіз

Getty Images

«Барселонаның» бас бапкері Ханс Флик бразилиялық «Сантостың» шабуылшысы Неймарды каталондық клубқа қайтару қажеттілігіне сенімді емес. Бұл туралы Sport.es хабарлайды.

Неміс маманы оның физикалық дайындығы мен ойын деңгейіне күмән келтіреді. Оның үстіне, қазіргі уақытта клуб бразилиялық үшін ресми ұсынысты да талқылаған жоқ, бұл басшылық арасында ортақ пікірдің жоқтығын растайды.

Тағы бір маңызды фактор – клубтың қаржылық тұрақсыздығы. «Барселонаның» жазғы трансфер нарығына бөлетін бюджеті қанша болатынын әлі белгісіз.

Неймардың қазіргі уақыттағы басты мақсаты – «Барселонаға» оралу екені бұрын хабарланған болатын. Жарақаттан көз ашпаған әйгілі футболшы қазір бабына келе бастады. Ол «Сантос» сапында 7 ойын ойнап үлгеріп, 3 гол соққан және нәтижелі 3 пас берген.

Жарнама
Жарнама