Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық Чемпиондар лигасының қатысушысына гол соқты

Редактор
09.03.2025, 21:34

22 жастағы Кенжебек «Кошице» сапына қаңтардың ортасында ауысты

instagram.com/qsportqazaqstan

«Кошице» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек «Слованмен» өткен ойының 32-минутында есеп ашты. Клубтар Словакия біріншілігінің 23-туры аясында кездесті.

Дегенмен 44-минутта «Слован» пенальтиден есепті теңестірді – «Астана» мен «Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян мергендік танытты. Ал бірінші таймнан соң Кенжебектің орнына өзге ойыншы шықты.

«Кошице» қазір алты командадан тұратын финалдық плей-оффта өнер көрсетіп жатыр. Әзірге алтыншы орында келеді. Ал «Слован» чемпиондық атақты қорғау үшін тырысуда.

«Слован» былтыр күзде «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Владимир Вайсстың жетекшілігімен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ойнап, барлық матчта жеңіліс тапты. Олар «Бавария», «Атлетико» және «Милан» секілді мықтылармен кездесті.

22 жастағы Кенжебек «Кошице» сапына қаңтардың ортасында ауысты. Оның клубпен келісімшарты 2027 жылғы маусымға дейін есептелген. Словакияға ол Кипрдің екінші лигасында ойнайтын «Акритас Хлоракис» сапында 13 гол соққан соң ауысты.

Қазақстанда Кенжебек «Қайрат», «Мақтаарал» және «Жеңіс» клубтарының намысын қорғады. Күзде Испанияның жастар құрамасының сапына қос бірде» гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Материалда: