Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Қып-қызыл өтірік»: «Қайрат» директоры шетелдік ойыншының мәлімдемесін жоққа шығарды

Редактор
Бүгін, 11:48

Тіпті, ондай футболшының бар екенін алғаш естіп тұрмыз дейді алматылық клуб басшысы

ФК "Заря"

Луганск қаласының (Украина) «Заря» клубының шабуылшысы Филипп Будковский Sport.ua басылымына берген сұхбатында өзіне Алматының «Қайрат» клубының тарапынан қызығушылық болғанын айтқан болатын. Ол алматылық ұжымның ұсынысынан бас тартқанын да мәлімдеген. 

«Қайрат» клубының тарапынан қызығушылық болды, олар хабарласқан, алайда келіссөздер әрі қарай жылжыған жоқ. Әрине, Чемпиондар лигасына қатысу қызық қой. Бірақ қазір «Зарямен» басқа жоспарымыз бар. Біз де еурокубоктарға қатысуға тырысып көреміз. «Қайрат» ақша ұсынды, бірақ «Заря» бас тартты. Нақты сомасын айта алмаймын. Бір білетінім, дәл қазір «Заря» мені ешқайда жібермейді», - деген еді футболшы.

Дегенмен, «Қайраттың» директоры Асқар Есімов ЖаркOFF телеграм-каналына берген сұхбатында Будковскийдің сөздерін жоққа шығарды.

«Филипп Будковский деген футболшыға «Қайрат» ешқашан қызығушылық танытқан емес деп сеніммен айта аламын. Шыны керек, біз ондай ойыншының барын сұхбаты шыққан соң білдік», - деді Есімов.

Айта кетейік, «Қайраттың» ресейлік ардагер футболшы Артем Дзюбаға ұызығушылық танытып отырғаны да айтылып жүр.

Жарнама
Жарнама