Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Атақты футбол аңызы Диего Марадонаны емдеген дәрігерлер 25 жылға сотталуы мүмкін

Редактор
12.03.2025, 09:41

XX ғасырдың үздік футболшысына тиісті көмек көрсетілмеген

Diego Maradona press office/AFP/TT/picture alliance

Аргентина футболының аңызы Диего Марадонаны өмірінің соңғы күндерінде емдеген сегіз медицина қызметкерінің жетеуі сейсенбі күні сот алдына шығады. Оларға абайсызда кісі өлтірді деген айып тағылған. Бұл туралы BBC жазды.

Марадона 2020 жылдың 25 қарашасында 60 жасында дүниеден өтті. Оған дейін ол мида ұйыған қанды алып тастау үшін хирургиялық ота жасатқан болатын. Сондай-ақ, оның алкоголь және есірткі тәуелділігінен емделгені белгілі.

Прокуратура футболшы қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай дәрігерлер мен медбикелерге қатысты тергеу жұмыстарын бастады. 2021 жылы Марадонаның өліміне байланысты жағдайларды тексерген 20 сарапшыдан құралған комиссия медициналық топтың әрекеттерін «орынсыз, жеткіліксіз және жауапсыз» деп бағалады. Сарапшылардың тұжырымы бойынша, егер атақты футболшы тиісті медициналық мекемеде дұрыс емделгенде, оның «өмір сүру мүмкіндігі жоғары болар еді». Ал спортшының өз үйінде қайтыс болғаны белгілі.

Айып тағылғандардың қатарында Марадонаның нейрохирургі әрі жеке дәрігері Леопольдо Луке, психиатр және медбикелер бар. Олардың барлығы футболшының өліміне қатысты өз кінәларын жоққа шығарады.

Егер сотталушылар өз әрекеттері адам өліміне әкелуі мүмкін екенін біле тұра кінәлі деп танылса, оларға 8 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

 

Жарнама
Жарнама