Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Ерсін Ерік, Эльдар Аманбаев / Қорытынды подкаст

Редактор
03.01.2024, 12:39

БІРІНШІ БОЛ жылды қорытындылау үшін бір топ спорт комментаторының басын қосты. Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев, Ерсін Ерік секілді белгілі комментаторлар 2023 жылдағы спорттағы жетістіктер мен "әттеген-ай" дейтін тұстарымызға тоқталды.

Скриншот

Ермұхамед Мәулен ұрда-жық (UFC, MMA, бокс) спортшыларды БАТЫР деп төбеге көтеруді дұрыс деп есептемейтінін айтты.

Эльдар Аманбаев компромат жинап жүрген комментатор екен. Ол жақында волейболдағы былықтарды жайып салатынын ескертті.

Ерсін Ерік Финляндиядағы жеңістен кейін эфирде айтқан "Дала ерлері" әні мен биыл хит болған тіркестері жайлы сөз қозғады.

Уәлихан Қосанбай бокстағы жетістіктерді тізіп, Асыланбек Шымбергеновтің соңғы жекпе-жегін сынға алды.

Олжас Байбосын биыл қай спортшыны үздік санайтынын айтып, оның себебін түсіндіріп берді.

Құрметті көрермен! БІРІНШІ БОЛ ұжымы осындай нотада жылды аяқтап отыр. 2024 жылы ЕУРО финалдық кезеңі үшін Қазақстан ұлттық құрамасын маңызды матчтары болады. 

Алда Париж олимпиадасы және басқа да әлем чемпионаттары өтеді. Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Астанада ұйымдастырылып, ұлттық спортшылар бақ сынайды. Сондықтан, үнемі БІРІНШІ БОЛ жобасынан ажырамаңыз. Біздің айтарымыз көп, жоспарымыз мол!