Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Ордабасыда» Тағыберген секілді аса көп жалақы алатын ойыншылар көп болып шықты

Редактор
19.03.2025, 22:29

Олармен клуб келісімшартты үзгенін мәлімдеді

Ордабасы ФК

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің футболшы Асхат Тағыбергеннің «Ордабасыдағы» жалақысына қатысты даулы мәлімдемесінен кейін клубтың басқа да ойыншыларының айлық табысы белгілі болды. 

Бұл ақпаратты «Серый CARDINAL» телеграм-каналы жазды.

«Маусымаралық кезеңде «Ордабасы» футбол клубы жалақы жүктемесін айтарлықтай жеңілдетті. Жоғары жалақыны Асхат Тағыберген ғана алған жоқ. Біздің мәліметімізше, жоғары жалақы алған ойыншылар қатарында Шохбоз Умаров, Артём Беседин, Темірлан Ерланов, Бауыржан Исламхан (барлығы шамамен 30 000 доллар) және Евгений Макаренко (шамамен 40 000 доллар) бар.

Айта кетерлігі, клуб ойыншылардың басым бөлігімен келісімшартты бұзды», — деп жазады телеграм-канал.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» клубын «батпаққа батқан команда» деп атап, Тағыбергеннің жалақысының тым жоғары екеніне наразылық білдірген еді.

Жарнама
Жарнама