Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

20 млн теңге жалақы алады деген Асхат Тағыберген футболдан қашан кететінін айтты

Редактор
19.03.2025, 23:17

Ол қазір 34 жаста және әлі де шымкенттік клубтың намысын қорғап жүр

Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасы мен «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген футболдағы мансабын қашан аяқтауды жоспарлап жүргенін айтты.

Ұлттық құраманың капитаны болған даңқты футболшы соңғы бірер аптада қоғамда даулы мәселенің туындауына себеп болған еді. Атап айтқанда, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Асхаттың 20 млн теңге жалақы алатынын, соған қарамастан жоғары деңгейде ойнай алмайтынын мәлімдеген еді.

Осы жайттан кейін футболшы әйелімен бірге белгілі журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, мансабына қатысты сұраққа жауап берді.

«Футболшының карьерасы өзіне байланысты емес. Мысалы, Самат Смақов 40 жасқа дейін ойнады, Криштиану Роналду 40-та, әлі күнге дейін футболдағы ең үздік ойыншылардың бірі. Өз басым 37-38 жасқа дейін ойнасам деймін, содан кейін жарым Махаббаттың қасында боламын», — деді Тағыберген сұхбат кезінде.

Айта кетейік, Асхат 1990 жылы дүниеге келген. Қазір «Ордабасы» намысын қорғап жүр. Былтыр оған түркиялық клубтан шақырту түскен. Алайда, Асхат одан бас тартып, Шымкентте қалуды жөн көріпті.

Жарнама
Жарнама