Дастан алаңға 16 жас 7 ай 8 күнінде шықты
«Қайрат» клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Кюрасаоға қарсы жолдастық ойында ұлттық құрама сапында дебюттік матчын өткізді.
Сонымен қатар Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының жаңа рекордын орнатып, ұлттық команда тарихындағы ең жас дебютант атанды.
Дастан алаңға 16 жас 7 ай 8 күнінде шықты, осылайша, ол Жамбыл Көкеевке тиесілі рекордты жаңартты.
Естеріңізде болса, Көкеев 2006 жылы 14 ақпанда Иорданияға қарсы ойында 17 жас 4 ай 25 күнінде ұлттық құрама сапында алғаш рет алаңға шыққан еді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары аясында Кюрасао командасымен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жетті.
Әли Әлиев шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Екі гол да алғашқы таймда соғылды. Ойынның 15-минутында Максим Самородов есеп ашса, 36-минутта Асхат Тағыберген есепті еселеді.