2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің 7-туры аяқталды. Бұл турда Жапония мен Бахрейн кездесті.
Сайтамадағы (Жапония) «Сайтама 2002» стадионында өткен матчта Күншығыс елінің футболшылары 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Жапония әлем чемпионатына іріктелген алғашқы құрама атанды.
Жапония сапынан Даити Камада мен Такефуса Кубо мергендік танытты. Екі гол да екінші таймда соғылды.
Жапония 3-топта бірінші орын алды. Команда жеті ойында 19 ұпай еншіледі. Жалпы, Жапония 11 матчта жеңіліссіз келеді, тек Австрия құрамасымен тең ойын өткізген. Дәл осы Австралия С тобында екінші орында тұр. Ал алты ұпайы бар Бахрейн бесінші орынға жайғасты.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл үш құрама финалдық кезеңде бақ сынайды. Жапония мундиальдің төртінші қатысушысы атанды.