Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жаңа Зеландия араға 16 жыл салып әлем чемпионатына оралды

Редактор
24.03.2025, 20:17

Жаңа Зеландия мундиальға соңғы рет 2010 жылы қатысты

Getty Images

Жаңа Зеландия мундиальға соңғы рет 2010 жылы қатысып, сол жылғы чемпион Италиямен тең ойнаған (1:1). Бұл жолы құрама Мұхит маңы елдерінің арасында жолдамаға иелік етіп, Солтүстік Америкада өтетін әлем біріншілігінде бақ сынамақ.

Іріктеу турнирінің шешуші финалында Жаңа Зеландия Жаңа Каледонияны сенімді түрде жеңді - 3:0. Осылайша, Жаңа Каледония біріншілік жолдамасына таласты жалғастырады.

Жаңа Зеландия 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу арқылы қатысуға мүмкіндік алған екінші құрама атанды. Естеріңізде болса, бірінші болып Азияда үздік шыққан Жапония жолдама алған.

Әзірге Жапония мен Жаңа Зеландиядан бөлек аламанға жарыс иелері АҚШ, Канада және Мексика қатысатыны белгілі.

Жарнама
Жарнама