Клуб жаңа маусымға дайындалып жатыр
«Ақтөбе» футбол клубы жаңа маусым алдында он бірдей ойыншысынан айрылды деп жазады Sports.kz.
Атап айтқанда, клубты екі қақпашы – Мирослав Лобанцев («Елімай») пен Стас Покатилов («Тобыл»), үш қорғаушы – Дмитрий Яшин («Елімай»), Лука Гадрани («Қайрат») және Ескендір Қыбырай, екі жартылай қорғаушы – Милош Раичкович және Андерсон Ньянгбо, үш шабуылшы – Элдер Сантана («Қайрат»), Рожерио дос Сантос Алвес («Елімай») және Роман Изотов тастап кетті.
Айта кету керек, желтоқсанда «Ақтөбе» футбол клубына жаңа бапкер – ресейлік маман Дмитрий Парфенов тағайындалды. Бұған дейін команданы жаттықтырған Андрей Карпович семейлік «Елімай» клубына ауысты.