Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

28 жастағы танымал футболшы 11-қабаттан құлап көз жұмды

Редактор
17.04.2025, 15:36

Қайғылы жағдай Чжэцзян провинциясында болған

fegafoot_gabon / X

Габон құрамасының шабуылшысы, сондай-ақ Түркияның «Хатайспор» клубының бұрынғы ойыншысы Аарон Бупендза Қытайда биік ғимараттың 11-қабатынан құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай Чжэцзян провинциясында болған.

Оқиғадан кейін Қытай билігі жедел тергеу жүргізіп, бірқатар нұсқаларды қарастырды. Бастапқыда БАҚ беттерінде Бупендза мен оның ағасы арасында жанжал болып, соңы итерумен аяқталған деген болжам тараған.

Алайда тергеу барысында бұл ақпарат расталмай, оқиға орнында үшінші тараптың болмағаны анықталды.

Марқұмның «Чжэцзян» футбол клубының жаттығуына себепсіз келмегені де белгілі болды. Клуб басшылығы ойыншымен байланыса алмаған. Кейін оның қаза тапқаны белгілі болды.

Аарон Бупендза бұған дейін Түркияның «Хатайспор» командасында ойнаған. Сонымен қатар ол Габон ұлттық құрамасының жетекші шабуылшыларының бірі ретінде танымал еді.

Тергеу үш негізгі нұсқаны қарастырды: суицид (өз-өзіне қол жұмсау), абайсызда құлап кету, қасақана итеру.

Алайда соңғы нұсқа дәлел таппағандықтан теріске шығарылды. Қазіргі қорытынды бойынша, оқиғада қасақана әрекетке байланысты ешқандай айғақ жоқ.

Жарнама
Жарнама

Материалда: