Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Арсеналдан» оңбай жеңілген «Реал» футболшылары бас бапкерсіз қалуы мүмкін

Редактор
18.04.2025, 00:47

Мадридтік команда биыл тек Испания кубогіне ғана үмітті

Getty Images

Мадридтің «Реал» футбол клубының басшылары алдағы бірнеше күнде бас бапкер Карло Анчелоттиді отставкаға жіберуі мүмкін. Бұл туралы Sky Sports News агенттігі жазды.

«Реал» Чемпиондар лигасының ширек финалында «Арсеналдан» оңбай жеңілгеннен кейін (екі ойынның нәтижесі – 5:1) 65 жастағы маман қызметтен кету туралы ойлана бастаған. Ол 26 сәуірде Испания кубогінің финалындағы матчтан кейін бұл шешімін ресми жариялайды деп күтілуде.

Айта кетейік, Кубоктің финалы Севилья қаласында «Реал» мен «Барселона» арасында өтеді.

Бұған дейін Анчелоттиді Бразилия құрамасына бас бапкер болуға шақырған. Бұл ұсыныс әлі де күшінде. Егер италиялық маман Мадридтен кетуге бел буса жұмыссыз қалмасы анық.

Ал, «Реалға» кім бас бапкер болатыны туралы әзірге тек болжамдар ғана айтылуда.

Жарнама
Жарнама