Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Павлодарлық балалар футбол командасы апатқа ұшырап, жаттықтырушы көз жұмды

Редактор
19.04.2025, 11:52

Команда Павлодардан Астанаға спорттық жарысқа бара жатқан

Ақмола облысы Полиция департаменті

18 сәуір күні «Астана – Ерейментау – Шідерті» тас жолында Павлодардан келе жатқан балалар футбол командасы мінген шағын автобус апатқа ұшырады. Апат салдарынан жаттықтырушы оқиға орнында көз жұмды.

Mercedes маркалы микроавтобустың салонында 14 пен 16 жас аралығындағы 16 жасөспірім болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жүк көлігін басып озу кезінде рөлге ие бола алмай, көлік жол шетіне аударылып кеткен.

Команда Павлодардан Астанаға спорттық жарысқа бара жатқан. Апат орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері дереу жеткен. Балалар түрлі жарақаттармен жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.

Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Ақмола облыстық Полиция департаменті сапарды ұйымдастырған жекеменшік спорт мектебі жол жүру туралы құзырлы органдарды алдын ала ескертпегенін хабарлады. Сол себепті көлік полиция патрулінің сүйемелдеуінсіз жүрген. Бұл дерек бойынша да тексеру басталған.

Жарнама
Жарнама

Материалда: