Олар 9 ойыншымен жүріп өз қақпасына гол жібермеді
Өзбекстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының финалында Сауд Арабиясын жеңіп, құрлықтық доданың жеңімпазы атанды. Алаң иелерімен өткен шешуші ойында өзбекстандықтар бірінші таймнан кейін алаңда тоғыз ойыншымен қалды. Соған қарамастан қайсарлық танытып, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің алғашқы бөлігінде Нурбек Сарсенбаев (40-минут) пен Миразиз Абдукаримов (45+2-минут) қызыл қағаз алып, Өзбекстан құрамасын қиын жағдайда қалдырды. Алайда, екінші таймда Мухаммад Хакимов (51-минут, пенальти) пен Садриддин Хасанов (70-минут) мергендік танытып, командасын жеңіске жеткізді.
Бұл — Өзбекстан U-17 құрамасының Азия чемпионатындағы екінші титулы. Алғаш рет олар 2012 жылы (U-16 форматында) чемпион атанған еді. Енді өзбек жасөспірімдері 2025 жылдың қараша айында Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Турнир барысында Тәжікстан U-17 құрамасы да сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жетті. Олар Оңтүстік Кореямен өткен кездесуде негізгі уақытта 2:2 есебімен тең ойнап, пенальти сериясында жеңіліп қалды.
Өзбекстан құрамаларының басты жетістіктері:
Ұлттық құрама: Азия ойындарының чемпиондары – 1994; Азия чемпионатының жартылай финалистері – 2011.