Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Жарақаттан аман болғанын қалаймын»: Дмитрий Бивол Нұралы Әліпке уәде еткен сыйлығын берді

Редактор
21.04.2025, 11:56

Футболшы да бұл сыйлыққа қуанышын білдіріп, алғысын жеткізді

Әлеуметтік желі

Ресейдің «Зенит» футбол клубында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп кәсіпқой боксшы Дмитрий Биволдан ерекше сыйлық алды. Боксшы оған өз қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын тарту етті.

Бұл туралы «Зенит» футбол клубы мәлім етті. Бейнежазбада Дмитрий Бивол Нұралы Әліпке оң бағасын беріп, сыйлықтың мәнін түсіндірді:

«Нұралы – өте жақсы жігіт, «Зениттің» үздік қорғаушыларының бірі. Оның жарақаттан аман болғанын қалаймын. Сол себепті оған жаттығуға арналған қолғап сыйламақпын. Мүмкін, бір күні спарринг те өткізіп қалармыз», – деді Бивол.

Футболшы да бұл сыйлыққа қуанышын білдіріп, алғысын жеткізді.

«Бұл – Дмитрийдің уәде еткен сыйлығы. Дима, шын жүректен рақмет, өте бағалаймын!» – деді Нұралы.

Сондай-ақ, әзіл ретінде ол:

«Дзюба, қайдасың?» – деп спаррингке дайын екенін жеткізді.

Жарнама
Жарнама