Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбекстан президенті Азия чемпионы атанған футболшыларға Chevrolet Cobalt сыйлады

22.04.2025, 23:17

Ал бас бапкерге одан қымбатырақ көлік берілді

Өзбекстан ҰОК

Сауд Арабиясында өткен футболдан Азия кубогінде жеңіске жеткен Өзбекстан жасөспірімдер құрамасы еліне оралды. Футболшыларды Ташкент қаласындағы Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайында жақындары мен жанкүйерлері және елдің жоғары лауазымды тұлғалары күтіп алды.

Салтанатты кеште Өзбекстан Президентінің құттықтау хаты оқылып,  турнир жеңімпаздарын марапаттау туралы Президенттің Жарлығы жария етілді.

Құраманың тарихи жеңісін жоғары бағалаған Шавкат Мирзиеев әр футболшыға Chevrolet Cobalt автокөлігін сыйға берді. Ал бас бапкерге  Chevrolet Equinox маркалы автокөліктің кілтін тарту етті.

Еске салайық, күні кеше Өзбекстанның U-17 санатындағы құрамасы Азия кубогінің жеңімпазы атанды. Финалдық матчта өзбектер Сауд Арабиясымен кездескен болатын. Ойын басында екі бірдей ойыншысынң алаңнан қуылғанына қарамастан олар 2:0 есебімен жеңіскен жетті.

Жарнама
Жарнама

Материалда: