Бапкер өзбек ойыншысымен кикілжіңге барған деген ақпарат тарауда
Ағылшын Премьер-лигасының 34-туры асында «Манчестер Сити» өз алаңында «Астон Вилланы» қабылдап, маңызды жеңіске қол жеткізді.
Ойынның бірінші таймында командалар бір-бір голдан соғып, үзіліске тең тарасқан. Екінші таймның соңына дейін осы есеп сақталып тұрды. Алайда, төреші қосқан қосымша уақытта Матеуш Нуньеш (90+4) көзге түсіп, алаң иелеріне жеңіс алып келді.
Бұл матчта өзбек қорғаушысы Абдукодир Хусанов тағы да алаңға шықпады. Хосеп Гвардиола оны негізгі тізімге енгізгенімен, 90 минут бойы қосалқы құрамда ұстап отырды.
Айта кетейік, Абдукодир Хусанов осымен бірнеше ойын қатарынан алаңға шыққан жоқ. Батыс БАҚ-тары оның бапкерімен кикілжіңге барғанын жазғанымен, Хусановтың өзі де, Гвардиола да бұл жайтқа байланысты әлі тіс жарған жоқ.
Ал, күні кеше Хусановты «Манчестер Сити» осы жазда өзге клубтардың біріне жалға береді деген ақпарат та тарады. Бап бапкердің пікірінше, өзбек футболшысы әлі де тәжірибе жинау керек-мыс.
Осы жеңістен кейін «Манчестер Сити» турнирлік кестенің үшінші сатысына көтерілді. Алайда, оны өкшелеп келе жатқан «Ноттингем Форрест» командасының бір ойыны кем.