Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» басшылары легионерлерге ай сайын 20 млн теңге төлеп келген – прокуратура

Бүгін, 10:15

Бұдан бөлек те қаржылық заңсыдықтар анықталып отыр

коллаж: 1bol.kz

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының басынан дау арылар емес. Жуырда ғана қала әкімі команда капитаны болған Асхат Тағыбергеннің ай сайын 20 млн теңге жалақы алып келгенін айтқан болатын. Енді қалалық прокуратураның мәліметінше, дәл осындай көлемдегі ақшаны клубтың жиырма ойыншысы ай сайын алып отырған.

Шымкентке Ғабит Сыздықбеков әкім болып тағайындалғаннан кейін «Ордабасы» клубының шығындарына тексеріс жүргізілген болатын. Артынша, клубтың президенті Бауыржан Абдубаитов отставкаға кетті. Ал, арада бірнеше ай өткенде прокурорлар аса ірі көлемде қаржылық заң бұзушылықтардың болғанын айтып дабыл қағып отыр.

Атап айтқанда, клуб басшылары 2023/24 жылғы маусымда жиырма ойыншыға 2 млн теңге жалақы және ай сайын 18 млн теңгеге жуық бонус (сыйақы) төлеп келген. Сол жиырма ойыншының 12-сі – легионерлер. Оларға бір жылда төленген сома – 1 млрд 900 млн теңге.

Сол легионерлердің бірі – Артем Беседин. Онымен 247,5 млн теңгеге контракт жасалыпты. Осыншама ірі көлемде ақша алған Беседин бір маусымда небәрі тоғыз-ақ матчта алаңға шығып, соның тек біреуінде ғана 90 минут бойы ойнап берген.

Клубтағы өзге де заң бұзушылықтарды білгіңіз келсе «Бірінші болдың» кезекті шығарылымын көріңіз.

Жарнама
Жарнама