Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Кері шегінбеймін, айтқан сөздерімді қайталауға да дайынмын – Самат Смақов

Редактор
Бүгін, 09:46

Ол баптайтын «Жетісу» биылғы чемпионатта жеңілістен көз аша алмай келеді

Жетісу ФК

«Ордабасымен» өткен матчтан кейін төрешілерді қатаң сынап, Қазақстан футболының болашағы жоқ екенін айтқан «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов төрт матчқа шеттетілген болатын.

ЖаркОFF телеграм-каналына берген сұхбатында Самат Қабірұлы өзіне тағайындалған жазаға қатысты пікір білдірген.

«Көңіл күйім өте жақсы, айтқандарымды жүз пайыз орынды деп есептеймін. Қажет болса, матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында айтқан сөздерімді тағы да қайталауға дайынмын.

Көңіл күйім мүлде түскен жоқ, командамен жұмысымды жалғастырып жатырмын. Апелляция бермеймін, өйткені бұл менің кері шегінгенімді білдірер еді. Ал менің жағдайым жақсы», – деді Самат Смақов.

Еске салайық, «Жетісудың» бас бапкері «Ордабасымен» болған ойынды төрелік еткен судьяны «ақшаға сатылған» деп айыптаған болатын. Сондай-ақ, ол қазақ футболы өзбектерден 15 жылға қалып қойғанын, тіпті Тәжікстаннан да төмендеп кеткенімізді айтқан.

Жарнама
Жарнама