«Қайрат» футзал командасы Бразилия құрамасының ойыншысымен толықты

Редактор
08.01.2024, 13:25

Алматылық команда бұған дейін де бразилиялық ТОП ойыншымен келісімшарт жасасқан

instagram.com/guegue_17

Футзалдан Бразилия құрамасының ойыншысы Геге Алматыға қоныс аударды. Ол енді «Қайраттың» сапында өнер көрсетеді деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

Геге бұған дейін Бразилияның «Минас» футзал клубында ойнаған. Оның аталған командамен келісімшарты 2026/27 жылғы маусымның соңына дейін болған. Алайда, қорғаушы келісімді бұзып, Қазақстанға ауысты.

Айта кетейік, алматылық «Қайрат» бұған дейін өзге бразилиялық супер-жұлдыз Рикардиньо Энрикені сатып алған болатын.

Материалда: