Португалия құрамасының бұрынғы бапкері енді «Бешикташты» жаттықтырады

Редактор
08.01.2024, 09:56

Стамбұлдық клубта соңғы бірер айда «дағдарыс» болып жатыр

Getty Images

Португалиялық футбол маманы Фернанду Сантуш «Бешикташ» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың Twitter-парақшасында жазылған.

Бұған дейін команданы жаттықтырған Рыза Чалымбайды «Бешикташ» басшылары отставкаға жіберген болатын. Өйткені, соңғы бірнеге ойында стамбұлдық клуб қарсыластарын жеңе алмай келеді.

«Португалдық Фернанду Сантуш команданың бас бапкері болып тағайындалды. Біз оны қуанышпен қарсы алдық», - делінген клуб таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Фернанду Сантуш 2016 жылы Португалия құрамасын Еуропа чемпионы етті. Финалда олар Францияны жеңген болатын.