55 градус ыстықта доп тебу: бір футболшы өлмейінше стадион жөнделмейді

Редактор
09.01.2024, 15:25

Биыл ҚПЛ қалай өтеді? Түсірілім сапасы реттеле ме? Стадиондар жөндеуге жабылса, кей клубтар қайда доп тебеді?

Скриншот

Неге Қазақстанда футболға миллиардтап ақша бөлінсе де инфақұрылым мәселесі  шешілмейді? Дембо Дарбоның "Астана" сапында жалақысы 12 млн теңге болғанына кім кінәлі? 

Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын және Уәлихан Қосанбай футболға бөлінетін миллиардтар мен басқа олимпиадалық спортқа бөлінетін миллиондарды айтып, біраз дауласып қалды. Подкастың шамамен 10 минуты Қуат Хамиттің "режимінде" өтті. 

Олжас Байбосын елде әлеуметтік мәселелер шешілмей, футболға миллиаидтап ақша құюды құптамайтынын айтты. Ермұхамед Мәулен әріптесінің сынына жауап беріп, мәселені қыруар қаржыны дұрыс жұмсай алмай отырған "Астана" футбол клубы басшыларынан іздеген дұрыс деген пайымын айтты.

Қызық, дәмді әңгіме болды. Подкасты соңына дейін көріңіз.