Мадридтік «Реалда» ойнаған ойыншы «Тобылға» ауысқалы жатыр

Редактор
10.01.2024, 09:28

Ол Чемпиондар лигасын жеңіп алған

Globallookpress.com

Мадридтік «Реалдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Денис Черышев мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін деп жазады KazFootball.kz.

33 жастағы хавбек қазір Италияның «Б» сериясында өнер көрсететін «Венеция» клубында ойнайды. Оны Қостанайдың «Тобылы» өз қатарына қоспақшы. Тараптар қазір келіссөз жүргізіп жатыр.

Биыл қостанайлық клуб басшылары ел чемпионы болуды, сондай-ақ, еурокубок жарыстарына қатысып, топтық кезеңге дейін өтуді көздеп отыр.

Ал, Черышевтың «Венециямен» келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Ресейлік футболшы Қазақстанға келу үшін осы келісімшарттың күшін жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатқан көрінеді.

Денис Черышев 2013 жылға дейін «Реал» сапында ойнаған. Кейінгі үш жылда «Севилья», «Вильярреал» және «Валенсия» клубтарына жалға беріліп, 2016 жылы «Вильярреал» оны 7 миллион еуроға сатып алды. 2022 жылдың жазынан бері «Венеция» сапында өнер көрсетіп жүр.

Черышев «Реалмен» бірге Еуропа чемпиондар лигасын, «Севильямен» Еуропа лигасын, «Валенсиямен» Испания кубогін жеңіп алған.