Ақтық сында олар «Интермен» ойнайды
Футболдан Еуропа чемпиондары лигасының екінші финалисі анықталды. Жартылай финалда өз алаңында «Арсеналды» қабылдаған париждік «ПСЖ» қос ойынның нәтижесінде 3:1 (1:0, 2:1) есебімен жеңіске жетіп, ақтық сынға жолдама алды.
Бірінші таймда лондондық команда ашық шабуылға көшіп, Парижге жеңіс үшін келгенін аңғартқан. Алайда, толассыз шабуылдардың ешбірі голға айналмады. Есесіне, 27-минутта Фабиан Руис айып алаңының сыртынан шіріне теуіп, «ПСЖ-ны» алға шығарды.
Екінші таймда төреші «Арсенал» қақпасына пенальти белгілеген. Дегенмен, Витинья 11 метрлік айып добын голға айналдыра алған жоқ. Ал, 72 минутта Ашраф Хакими Дембеле берген пасты қақпа бұрышына теуіп, есепті еселеді.
76-минутта «Арсенал» сапынан Букайо Сака бос қақпаға гол соғып, жанкүйерлеріне үміт сыйлағанымен, мұнан әріге лондондықтардың шамасы жетпеді.
Осылайша, «ПСЖ» финалға жолдама алды. Ақтық сында олар «Интермен» ойнайды.