Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының ойыншысы жасқа байланысты кемсітушілік барын айтты

Редактор
08.05.2025, 10:14

Сергей Малый «Интер» ойыншысы Франческо Ачербидің «Барселонаға» соққан голы туралы айтты

ҚФФ

Қазақстан құрамасы мен Шымкенттің «Ордабасы» клубының қорғаушысы Сергей Малый «Интер» ойыншысы Франческо Ачербидің «Барселонаға» соққан голына қатысты пікір білдірді.

Осыдан бірер күні бұрын Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Интер» өз алаңында «Барселонаны» қабылдап, алаң иелері қосымша уақытта 4:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс италиялық ұжымға турнирдің финалына өтуге мүмкіндік берді. Ал клубтың жеңіске жетуіне үлес қосқандардың бірі деп 37 жастағы Франческо Ачербиді айтуға болады. Себебі дәл Франческоның 90+3 минутта соққан голы команданы жеңілістен құтқарып қана қоймай, матчтың экстра-таймға жалғасуына әсер етті. Оның үстіне бұл Ачерби үшін оның карьерасындағы алғашқы гол болды.

34 жастағы Малый Ачербидің жетістігінен соң Instagram-дағы Stories-те Қазақстан футболында жасқа байланысты сын көп айтылатынын тілге тиек етті:

«Неліктен Италияда жасы үлкен футболшыларға қатысты сыни көзқарас жоқ?» – деп риторикалық сұрақ қойды ойыншы.

Айта кетейік, Украинаның Луганск қаласында туған Малый 2013 жылдан бері ҚПЛ-да, ал 2014 жылдан бері Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетеді.

Жарнама
Жарнама