Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Футболшы матч барысында жүгіруден әлемдік рекорд жаңартты

Редактор
14.05.2025, 17:48

Габриэль Сильва қарсыластан допты тартып алу үшін 40,3 км/сағат жылдамдықпен жүгірген

SPORTS © Franck Fife, AFP

23 жастағы бразилиялық шабуылшысы Габриэль Сильва Виейра футболдағы жылдамдық бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты. Аяқдоп шебері сағатына 40,3 шақырым жылдамдықпен жүгірген. Ол Португалияның «Санта-Клара» клубында ойнап жүр және бұл көрсеткішті 11 мамырда «Фамаликанға» қарсы матчта тіркеді.

Португалия чемпионаты аясында өткен кездесуде «Санта-Клара» өз алаңында «Фамаликанды» 2:1 есебімен жеңген. Матч барысында Габриэль Сильва қарсыластан допты тартып алу үшін жүгіріп бара жатып, жылдамдығын 40,3 км/сағатқа дейін жеткізді.

Бұл спринтерлік көрсеткіш арнайы сенсорлар арқылы тіркелді — мұндай құрылғылар Португалия чемпионатының барлық ресми матчтында қолданылады.

Осылайша, Сильва рекордтың бұрынғы иесі – Англияның «Ньюкасл» клубының қорғаушысы Свен Ботманның (39,21 км/сағ) нәтижесінен асып түсіп, жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Жарнама
Жарнама

Материалда: