Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Қайсар» жанкүйерлері Артаевпен кездесуді талап етті

Редактор
15.05.2025, 10:39

Кумыков төмен нәтиженің себебін тәжірибелі футболшылар санының аздығымен түсіндірді

Туризм жəне спорт министрлігі

14 мамыр күні Қызылорданың «Қайсар» клубы өз алаңында «Ақтөбеден» 1:2 есебімен ұтылды.

Бірінші таймда қонақтар сапынан Жайро Жан есеп ашса, екінші кезеңде Дидар Жалмұқан таразы басын теңестірді. Дегенмен Әлібек Қасымның пасын Лев Скворцов голға айналдырып, командасына қатарынан төртінші жеңісті сыйлады.
Матчтан соң жергілікті жанкүйерлердің жүйкесі сыр берді. Себебі өткен 9 турда бір де бір жеңіске жетпеген «қасқырлардың» Премьер-лигадағы жағдайы күн санап нашарлап барады. Еншісінде небәрі 4 ұпайы бар Виктор Кумыков шәкірттері турнирлік кестеде 12-сатыда келеді.

Матчтан кейін жанкүйерлер стадионнан кетпей, облыстың спорт басшысы Бақтияр Артаевтың елдің алдына шығып, көптің көкейіндегі сауалдарға жауап беруін талап етті.

«Легионердің бәрін алып тастады. Ертең Премьер-лигадан ұшсақ, нәтижеге кім жауап береді?! «Қайсар» халықтың ақшасына күн көріп отырған клуб, ендеше неге бір адам диалогқа шықпайды? Неге облыстың спортына жауапты адамдар алдымызға шығып мән-жайды түсіндірмейді? Біз «Атлетико Бильбао» емеспіз, бізде академия жоқ, тиісінше жылына тұрақты түрде бес-алты ойыншы жастар қатарынан қосылады дей алмайсың. Ендеше бұлардың ойы қандай?» - деп шүйлікті жанкүйерлер.

Сонан соң көпшілік алдына клубтың бас бапкері Виктор Кумыковтың өзі шықты. Дегенмен жиналғандар маманға ешқандай уәжі жоқтығын, сұрақтың бәрі басшылыққа екенін айтты.

«Сізге ешқандай уәжіміз жоқ. Сіз берілген тапсырманы орындап жатсыз, сіздің де мүмкіндігіңіз шектеулі екенін білеміз. Бізге осы былықтың артында тұрған адамдар керек. Олардың мақсаты, ойы қандай, соны білгіміз келеді. Бізге бас бапкер мен спорттық директор емес, басшылық құрамның адамдары керек, солар шықсын», - деді көпшілік.

Кумыков та төмен нәтиженің себебін тәжірибелі футболшылар санының аздығымен түсіндірді.

«Бір ғана оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Аз-маз ойыншы бар, бірақ солардың біреуі қатардан шығып қалса, оны алмастыратын ешкім жоқ. «Тұрамен» ойыннан соң сіздердің талаптарыңызды жеткіземіз. Сол кезде кездесейік, әйтпесе дәл қазір ештеңе шешілмейді», - деп қосты Кумыков.

Жарнама
Жарнама