Футболшыдан алаяқ қыз 33 миллион теңгеге жуық ақша сұраған
Оңтүстік Корея полициясы ағылшынның «Тоттенхэм» клубында ойнайтын атақты футболшы Сон Хын Миннен ақша бопсалаған деген күдікпен екі адамды ұстады. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазды.
Тергеу деректеріне сәйкес, 20 жастағы қыз бен 40 жастағы ер адам футболшыны бопсалап, ірі көлемде ақша талап еткен. Қыз өзін Сон Хын Миннен жүкті екенін айтып, бұл ақпаратты жарияламау үшін шамамен 50 мың фунт стерлинг (яғни 33 миллион теңгеге жуық) сұраған.
Футболшының қорғаушылары бұл жағдай 2023 жылдың маусым айында басталғанын мәлімдеді. Ал ресми шағым полицияға өткен аптада жолданған.
«Әйел жалған жүктілік туралы мәлімдеп, футболшыдан ақша талап еткен. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сон Хын Мин — бұл жағдайдың анық құрбаны», — делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, 32 жастағы Сон Хын Мин бұған дейін жеке өміріне қатысты мәлімдемелер жасап, футбол мансабын аяқтамайынша отбасы құруды жоспарламайтынын айтқан болатын. Ол 1992 жылы 8 шілдеде Оңтүстік Кореяда дүниеге келген және бүгінде «Тоттенхэм» клубының негізгі ойыншыларының бірі.