Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

16 жастағы Дастан Сәтпаев екінші рет айдың үздік футболшысы атанды

Редактор
16.05.2025, 10:07

Дастан ең жоғары ұпай жинаған

INSTAGRAM / D.SATPAYEV

Қазақстан Премьер-лигасының сәуір айындағы үздіктері белгілі болды. Кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясы «Айдың үздік ойыншысы» мен «Айдың үздік бапкері» аталымдарының иегерлерін ресми түрде жариялады.

Айдың үздік ойыншысы — «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев. Ол клуб капитандары мен бапкерлерінің дауыс беру нәтижесінде ең жоғары ұпай жинап, жеке-дара үздік атанды. Айта кетейік, Дастан бұған дейін наурыз айында «Астана» ойыншысы Марин Томасовпен бірге үздік деп танылған болатын.

Сәуірде 16 жастағы Сәтпаев бес матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Ал айдың үздік бапкері атағы «Қайрат» командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтинге бұйырды. Оның жетекшілігіндегі ұжым сәуір айында бес кездесу өткізіп, төртеуінде жеңіске жетсе, біреуінде тең ойнаған. Осы аралықта алматылықтар қарсыластар қақпасына 13 гол соғып, өз қақпаларына небәрі 2 гол жіберген.

Жарнама
Жарнама