Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Анасы қайтыс болғаннан 4 жыл өткен соң дүниеге келген»: Габон футболшысының басы дауда қалды

Редактор
10.01.2024, 19:23

Ол жасын қасақана кішірейтіп алған

Getty Images

Футболдан Габон құрамасының жартылай қорғаушысы Гелор Канганың басы дауда қалды. Оған жасын кішірейтіп алған деген айып тағылды.

«Црвена Звезда» клубында ойнайтын футболшы жуырда Африка ұлттарының кубогіне қарасты тәртіптік комиссияға шақырылған. Өйткені оның құжатындағы туған жылы мен анасының қайтыс болған жылы сәйкес келмейді. Бұл жайтқа ең алдымен Конго Республикасының Футбол федерациясы назар аударыпты.

Канга төлқұжат бойынша 1990 жылы дүниеге келген. Ал, оның анасы 1986 жылы қайтыс болып кетіпті. Енді футболшы тәртіптік комиссия мүшелеріне арадағы төрт жылдың қалай пайда болғанын түсіндіруі керек.

Аталған комиссия өкілдерінің мәліметінше, Гелор Канга шын мәнінде 1985 жылдың 8 қазанында дүниеге келген.

Жарнама
Жарнама

Материалда: