Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстанның Бірінші лигасында енді мүлдем легионер болмайды

Редактор
10.01.2024, 20:57

Осыған дейін 3 легионер ойнауға рұқсат болған

prosports.kz

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасында легионерлер санына шектеуді алып тастағанымен, Бірінші лигада шетелдік футболшылар енді мүлдем ойнамайды. Бұл туралы спорт комментаторы, ҚФФ президентінің кеңесшісі Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-каналында жазды.

«ҚФФ шешімімен футболдан Қазақстан Бірінші лигасында енді легионер ойыншы ойнауға тыйым салынады. Осыған дейін 3 легионер ойнауға рұқсат болған. Сонымен қатар, Еуразиялық Ынтымақтастық Одақ ойыншылары да Бірінші лига клубы сапында алаңға шықпайды. Өздеріңіз білесіздер Армения, Ресей, Беларусь және Қырғызстан футболшылары біздің елде легионер болып саналмаған еді. Демек, бұл лигада тек отандық футболшылар ғана болады деген сөз», - деп жазды ол.

Жарнама
Жарнама

Материалда: