Аргентиналық шабуылшы алаңда 90 минут бойы ойнағанымен, көзге түсе алмады
Футболдан Америка чемпионатының кезекті турында «Интер Майами» өз алаңында «Орландо Ситиді» қабылдап, 0:3 есебімен ойсырай жеңіліп қалды.
Қонақтар сапынан Луис Мурьель (43-минут), Марко Пашалич (53-минут) және Дагура Тоурхалльссон (90+4 минут)көзге түсті.
«Интер Майами» сапында Линель Месси де, Луис Суарес те, Серхио Бускетс пен Жорди Альба да алаңға шыққан. Алайда, «Барселонаның» экс-ойыншылары командасын жеңілістен құтқара алмады.
Осы ойынға дейін «Интер Майми» турнирлік кестеде бесінші, «Орландо Сити» алтыншы тұрған. Матчтан кейін екеуі орын алмасты.