«Қайсардың» бас бапкері Виктор Кумыков пікір білдірді
«Қайсардың» бас бапкері Виктор Кумыков команда қатарын толықтыруы мүмкін деген жаңа ойыншылар жайлы айтты.
— Облыстық спорт басқармасы сапқа төрт ойыншыны қосуға уәде етті. Қазір бұл мәселе бойынша скауттар жұмысын бастады ма?
— Иә, ойыншылар жайлы әңгіме болды, бірақ «топ» деңгейдегілер туралы нақты ештеңе айта алмаймын. Бізде кімді «топ» дейміз және олар қайда жүр? Әліп бар, Зайнутдинов бар – бірақ ол қазір жарақатын емдеп жүр, Айымбетов… Ең болмағанда ойыншыларымыздың орнын баса алатын біреуді алуымыз керек.
— Ал басқа клубтарда қосалқы құрамда отырған ойыншыларды жалға алу мәселесі қарастырылып жатыр ма?
— Жалға алынған ойыншыларға да жалақы төлеу керек қой. Егер ол жақта он рубль алса, бізге екі рубльге келгісі келе ме? Қайдам. Кейбіреулер қосалқы құрамда отырып, анда-санда алаңға шығып, жақсы жалақы алғанды жөн көреді. Бірақ оларды сөгуге де болмайды. Скауттар жұмыс істеп жатыр, бірақ бәрі қаржыға тіреліп тұр.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы турында «Қайсар» 2025 жылғы маусымда алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қызылордалық клуб «Тұраннан» басым түсті.