Еуропа елдері Израильді жарыстардан шеттетуді талап етпек

Бүгін, 11:15

12 араб елі ФИФА-дан Израильді жарыстардан алып тастауды сұраған

AP Photo/Gustavo Garello

Бірқатар Еуропа мемлекеттері халықаралық ұйымдарға Израиль спортшыларын жарыстардан шеттету туралы ұсыныс жолдамақ.

Израильдік Ynet басылымының мәліметінше, Испания, Бельгия және Скандинавия елдері соңғы оқиғаларға байланысты Израильге қатысты қатаң шаралар қабылдауды талап етіп отыр.

Алайда қазіргі уақытта УЕФА, ФИФА және FIBA сынды халықаралық спорт ұйымдарына бұл бағытта ресми сұраныс жіберілгені туралы нақты дерек жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Испанияның премьер-министрі Педро Санчес Израильді «Евровидение» байқауынан шеттету керек екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл шешім Ресейдің Украинадағы әрекетіне байланысты байқаудан шығарылған жағдаймен тең болуы тиіс.

Сондай-ақ 2024 жылы Газа секторындағы шиеленіске байланысты 12 араб елі ФИФА-дан Израильді жарыстардан алып тастауды сұраған. Ал биыл наурызда Палестина футбол қауымдастығы Израильге санкция салу жөнінде өтініш білдірген болатын. Алайда бұл бастамалар әлі қолдау тапқан жоқ.

Материалда: