«Бургер сатқан». 1995 жылы туған Қайқыбасов Шымкент футболының президенті атанды

Редактор
23.05.2025, 16:06

Қайқыбасов бес жыл бұрын спортшы ретінде карьерасын аяқтаған

instagram.com/ffshymkent

«Ордабасы» мен «Алтай» командаларының экс-шабуылшысы Дәурен Қайқыбасов енді Шымкент футбол федерациясын басқарады.

Бес жыл бұрын спортшы ретінде карьерасын аяқтаған 30 жастағы Қайқыбасов кейін бизнеске кеткен. Бүгін Шымкент қалалық футбол федерациясының есеп беру-сайлау конференциясында ол өңірдің жаңа президенті болып сайланды.

«Дәурен Көмекбайұлы Қайқыбасов — Шымкент қаласының тумасы, 1995 жылғы 10 маусымда дүниеге келген. Жергілікті футбол мектебінің түлегі, ол кәсіби мансабын «Ордабасы» клубында бастаған. Онда жастар және негізгі құрамдарда ойнап, Еуропа лигасының іріктеу кезеңдеріне де қатысқан. 2017 жылдан бастап Өскеменнің «Алтай» клубының намысын қорғап, клубтың үздік сұрмергені әрі көшбасшыларының бірі атанды.2020 жылы футболдағы ойыншы ретіндегі мансабын аяқтап, Дәурен Көмекбайұлы Қайқыбасов бизнес саласында сәтті жобаларды жүзеге асырды. Енді ол футболға жаңа қырынан — басқарушы және стратег ретінде оралып отыр», - делінген Шымкент қалалық футбол федерациясының хабарламасында.

Материалда: