Ресей клубы Зайнутдинов үшін 5 млн еуро ұсынған

Редактор
24.05.2025, 16:18

«Бешикташ» Зайнутдиновті ЦСКА-дан 4,5 млн еуроға сатып алған

instagram.com/bateka_11

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бахтиер Зайнутдинов алдағы трансферлік кезеңде «Бешикташ» клубынан кетуі мүмкін.

Түркиялық журналист Сердар Сарыдагтың мәліметінше, Ресей Премьер-лигасындағы клубтардың бірі қазақстандық футболшы үшін 5 миллион еуро ұсынып отыр. Алайда түрік клубының бұл ұсынысқа қатысты шешімі әзірге белгісіз.

Айта кетейік, «Бешикташ» Зайнутдиновті мәскеулік ЦСКА-дан 4,5 миллион еуроға сатып алған.

Былтыр Зайнутдиновке «Зенит» пен «Динамо» клубтарынан ұсыныс түскені хабарланған еді, бірақ ол кезде ойыншы Түркияда қалуды жөн көрген.

Биылғы маусымда Зайнутдинов «Бешикташ» сапында барлық турнирде 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Оның Ыстамбұл клубымен келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жарамды.