Қуат Хамитов «Тобыл» клубының басшысымен бәстесті

Редактор
13.01.2024, 09:35

Егер жеңсе оған қара автокөлік сыйға тартылады

Esquire.kz

«Тобыл» футбол клубы биыл ел чемпионы атанса MMA шебері Қуат Хамитов өз жекпе-жектеріне аталған команданың жейдесін киіп шығады. Клубтың басшысы Әлімжан Қалдияровпен бәстескен белгілі файтер осылай уәде етті.

Хамитов Instagram желісінде Қалдияровқа: «Егер сенің командаң 2024 жылы ел чемпионы болса, онда қара автокөлігің менікі» деп жазған. «Тобыл» басшысы болса өз талабын қойды: «Ал, егер чемпиондықты алсақ сен «Тобылдың» жейдесінде жаттығу жасап, барлық жекпе-жегіңе сол жейдені киіп шығасың» деген.

Осылайша Хамитов пен Қалдияров ел алдынба бәстесті. Қазақ футболшыларын сынаудан жалықпайтын Қуат енді жыл соңында қап-қара автокөліктің иесі болуы мүмкін.

Материалда: