«Ұят түгі жоқ»: Мбаппенің анасы ПСЖ-мен жасалған келісімшарт жайында

Редактор
13.01.2024, 11:40

Француз шабуылшысы биыл жаңа клубқа ауысуы мүмкін

Спорт Экспресс

ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің анасы Файза Ламари ұлының 2022 жылы париждік клубпен келісімшартын созуына байланысты өз пікірін айтты деп хабарлайды RMC Sport.

Есте болса өткен маусымның алдында Мбаппе ПСЖ-дан мадридтік «Реалға» ауысуға бір табан жақын болған. Алайда, соңғы сәтте футболшы ойын өзгертіп, Парижде қалуға бел буды. Бұл қос тараптың жанкүйерлері арасында үлкен резонанс тудырған еді.

«Бұл - миллиондаған ақша. Бұл жерде ұят та, кінә де жоқ. Егер біз 10 млрд ала алсақ, ол ақшаны да алып кетер едік. Бұл жүйе солай жұмыс істейді», - деді Ламари.

Мбаппенің ПСЖ-мен келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымында күшін жояды. Ол биылғы маусымда париждік клуб сапында 22 матч өткізіп, 21 гол соқты және екі нәтижелі пас берген.

Футбол сарапшылары француз шабуылшысының биыл «Реал» немесе «Ливерпуль» сапына ауысуы мүмкін екенін жазып жатыр. Дегенмен, Мбаппенің өзі бұл мәселеге қатысты нақты мәлімдеме жасаған жоқ.