Жолдастық кездесу 5 маусым күні өтеді
Ресейлік танымал жаттықтырушы Станислав Черчесов Беларусь пен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде қай құрамаға жанкүйер болатынын айтты.
Жарты жылдан астам уақыт Қазақстан құрамасын жаттықтырған маман бұл жолы да таңдауын қазақстандықтар пайдасына жасады. Айта кетейік, кездесу 5 маусым күні өтеді.
«Әртүрлі деңгейдегі құрамалар кездескенде, көп нәрсе көшбасшы ойыншылардың бабына байланысты. Бұл клуб емес, мұнда ойыншыларға тұрақты түрде ықпал ете алмайсың. Сондықтан нақты кім фаворит екенін айту қиын, қарсыластардың дәрежесі тең. Бірақ… белорустар, кешіріп қойыңыздар, бұл ойында мен Қазақстанға жанкүйер боламын, - деді ол.
«Беларусь құрамасынан кімді ерекше атап өтер едіңіз?» деген сұраққа Черчесов:
«Ешкімді бөліп-жарғым келмейді. Бұл – бапкерлерге артық проблема туғызуы мүмкін. Мақтаудың ойыншыларға қалай әсер ететінін болжау қиын. Ең бастысы — жақсы ойын өтсе екен деймін, екі бапкер де өзіне қажетті мәліметтерге қанық болсын. Іріктеу ойындарында да белорустар да, қазақстандықтар да лайықты команда ретінде көрінд, – деді ол Legalbet порталына берген сұхбатында.