Нұрәлі Әліптің алғашқы бапкері 7 жылға сотталды

Редактор
03.06.2025, 17:07

«Каспий» клубының бірнеше бұрынғы қызметкері қылмыстық жауапқа тартылды

Әлеуметтік желі

Ақтауда «Каспий» футбол клубының бұрынғы директоры Ержан Жамбыровқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Клубтың бірнеше бұрынғы қызметкері қылмыстық жауапқа тартылды. Олардың ішінде басты айыпталушы – Ержан Жамбыров, ол бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылды.

Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылдың қаңтарынан сәуір айына дейін «Каспий» клубының есепшотынан заңсыз түрде 20 279 100 теңге шешілген. Бұл қаражат клубтың бас менеджері Данияр Боранбаевтың жеке шотына тиісті құжаттарсыз аударылған. Тергеу дерегі бойынша, бұл соманың 11 900 000 теңгесін Жамбыров, ал 8 379 100 теңгесін Боранбаев иемденген.

Сондай-ақ тергеу барысында Жамбыров бұл әрекетті Сәкен Смағұл, Асқын Қауымбаев және Мейрам Оразұлы есімді үш адаммен алдын ала сөз байласып жасағаны анықталды. Олар бұл жоспарын жүзеге асыру үшін жалған келісімшарттар жасап, қызмет көрсетуші ретінде жалған компания тартылған. Кейінірек Данияр Боранбаев қылмыстық іске қатысушы ғана емес, зардап шеккен тұлға ретінде де танылды.

Сот шешімімен Жамбыровтың үш серіктесіне 4 жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, ал Ержан Жамбыров 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейді.