Чемпиондықты тойлау кезінде 11 адам қаза тапты

Редактор
05.06.2025, 16:42

Үндістандық жанкүйерлер стадион қақпасын бұзып кірмек болған

Instagram/royalchallengers.bengaluru

Үндістанның Бангалор қаласында «Роял Челленджерс» крикет командасының жергілікті чемпионаттағы жеңісін тойлау сәті қайғылы оқиғаға ұласты.

АР News мәліметінше, жанкүйерлер арасында болған дүрлігу салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 30 адам түрлі жарақат алған.

Премьер-лигада алғашқы чемпиондығын атап өтпек болған «Роял Челленджерс» жанкүйерлері стадион маңына жаппай жиналған, ал мыңдаған адамның арасында билеті жоқ жанкүйерлер ішке стадионның қақпаларын бұзып кіруге тырысқан. Нәтижесінде адамдар тапталып, көпшілігі ауыр жарақат алды.

Осылайша, 11 адам қайтыс болса, жарақат алған тағы 30 адамның жағдайы ауыр. Басқа зардап шеккендер де амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Материалда: