Сенсация! Өзбекстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына қатысады

Редактор
06.06.2025, 00:18

9 турдан кейін Өзбекстан құрамасы 18 ұпаймен «А» тобында екінші орында тұр

gazeta.uz

2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатына көршілес ел Өзбекстан жолдама алды.

Өзбекстан құрамасы тарихта алғаш рет әлемдік мундиальда доп тебеді. Бүгін олар Абу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерімен кездесті. Матч 0:0 есебімен аяқталды. Осы есеп Өзбекстанның жолдама алуына жеткілікті болды.

9 турдан кейін Өзбекстан құрамасы 18 ұпаймен «А» тобында екінші орында тұр. Команданы бұрынғы футболшы, Қазақстанның «Ақтөбе» клубында ойнаған Тимур Кападзе жаттықтырады. Бірінші орында – 20 ұпаймен Иран, ал үшінші орында – 14 ұпаймен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ).

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына алғаш рет 48 құрама қатысады. Сондықтан Азия құрлығына квота көбейіп, 8 құрамаға мүмкіндік берілген еді.