Өзбекстан қақпашысының эмоцияға толы видеосы жарияланды

Редактор
06.06.2025, 12:17

Өзбекстан – Орта Азия елдері ішінен әлем чемпионатына қатысатын алғашқы мемлекет

upl.uz

Футболдан Өзбекстан құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Кеше көршілеріміз 2026 жылғы әлем біріншілігіне жолдама иеленді — шешуші іріктеу матчында Біріккен Араб Әмірліктерімен 0:0 есебімен тең түсті.

Ойынның үздік ойыншысы болып өзбекстандық қақпашы Уткир Юсупов танылды. Ол матч аяқталған соң қуаныштан көз жасын тыя алмады. Оның эмоцияға толы сәтінің видеосын Азия аймағының іріктеу науқанының ресми парақшасы жариялады.

«Уткир Юсупов қақпаны сенімді қорғап, бірде-бір гол жібермеді. Өзбекстанмен бірге әлемдегі ең ірі турнирге жолдама алды», — деп жазды парақша.

Айта кетейік, Өзбекстан – Орта Азия елдері ішінен әлем чемпионатына қатысатын алғашқы мемлекет.