Әли Әлиев шәкірттері жолдастық кездесуде масқарасы шығып жеңілді
Семейдің «Елімай» клубы мен Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Никита Корзун Қазақстанмен өткен жолдастық матчтағы (4:1) жеңіске қатысты пікір білдірді.
— Бәрі ойдағыдай өтті. Жаттығуда пысықтаған нәрселерімізді толық іске асыра алдық. Өздеріңіз де бәрін көрген шығарсыздар, - деді футболшы.
— Қазақстан құрамасының ойыны сіздер болжағандай болды ма?
— Біз бұл матчқа екі күн дайындалдық. Қарсылас команданың соңғы матчтарын қарап, олардың қалай ойнайтынын көрдік. Жаттықтырушылар штабы теорияға көп уақыт бөлді, сол себепті біз дайын болдық.
— Матч бастапқыда Минскіде өтеді деп жоспарланған еді, бірақ кейін Борисовқа ауыстырылды. Бұл сіздер үшін қаншалықты маңызды болды?
— Ешқандай айырмашылық байқамадық. Бұл шешім алаң сапасына байланысты қабылданды.
— Келесі матчта Ресей құрамасымен кездесесіздер. Кеткен есені қайтаратын сәт келген сияқты ма?
— Әрине. Бұл біздің мақсатымыз. Қателіктерімізді түзегіміз келеді. Келесі ойынға да барынша байыппен дайындаламыз, — деді Корзун.