17 жастағы футболшы Испанияның Ұлттар лигасының финалына шығуына көмектесті
Бейсенбі күні 17 жастағы футболшы Ламин Ямаль Франция қақпасына екі гол соғып, Испания құрамасына Ұлттар лигасының финалына шығуға көмектесті. (5:4).
Шешуші ойын жексенбі күні өтеді – Луис де ла Фуэнте жаттықтыратын команда Португалиямен кездеседі. Роналду бастаған ұжым жартылай финалда Германияны 2:1 есебімен жеңген болатын.
Осы орайда тілшілер Испания құрамасы мен «Барселона» клубының вингері Ламин Ямальдан Криштиану Роналду туралы пікірін сұраған.
«Криштиану Роналду – аңыз адам, өз басым оны шексіз құрметтеймін. Бірақ менің міндетім – финалда жеңіске жетуге тырысу.
Бізді ерекше матч күтіп тұр – ұлы командаға қарсы финал. Бұл жігер береді. Мен өзімді дәл осындай ойындарда көрсетуім керек. Тағы бір титул еншілегім келеді», – деді Ямаль.