Ол командасын әдеттегідей жеңілістен құтқарды
Футболдан UEFA Ұлттар лигасы финалы мәресіне жетті. Шешуші кезеңде Португалия мен Испания кездесті.
Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Испания екі рет алға шыққанымен, Португалия жылдам жауап қайтарып отырды. Бір голды 40 жастағы Криштиану Роналду соқты. Жеңімпаз овертаймда емес, пенальти сериясында шешілді. Соңғы сәтте Альваро Морато қателесіп, Португалия жеңісті жұлып алды.
Осылайша олар бұл турнирдің екі дүркін чемпионы атанды.
40 жастағы Криштиану Роналду осы ойында 61-минутта гол соғып, командасын жеңілістен құтқарды. Алайда, 88-минутта жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Бұл Роналдудың Португалия құрамасындағы үшінші ірі халықаралық трофейі. Даңқты футболшы ұлттық құрама сапында 219 матчта 138 гол соққан.